Бүгін: 6 желтоқсан 2025 жыл
Басты бет » Колледж туралы

Колледж тарихы


    «Болашақ» жоғары медицина колледжі

 

«Болашақ» жоғары медициналық колледжі 2013 жылы мемлекеттік емес оқу орны ретінде ашылды. Оқу түрі: күндізгі.

Колледж оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, сапалы білім беру қызметін қамтамасыз етеді.

Колледж түлектері жұмыс нарығында бәсекеге қабілетті және Қазақстанның емдеу- алдын алу мекемелерінде ойдағыдай жұмыс атқаруда.

2022 жылдың желтоқсан айында «АТҚО» Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы (НКЦА) колледжде институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жүргізіп, соның нәтижесінде «Болашақ» медицина колледжі аккредиттеуден сәтті өтіп, барлық мамандық бойынша куәлікке ие болды.

«Болашақ» жоғары медицина колледжін 2013-2014 оқу жылында медицина ғылымдарының кандидаты Ж.Ә. Айбасова, 2014-2015 оқу жылында С.М. Курумбаев басқарды. 2015-2017 жылдарда медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер онколог, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ісінің жоғары санатты ұйымдастырушысы, ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі К. Төлеутайұлы, 2017-2020 жылдар аралығында Ш.А. Досжанова, 2020-2021 оқу жылында ғылым кандидаты Ж.А. Қалмақова, 2021-2022 оқу жылында Б.Р. Бурамбаева, 2022-2024 жылдар аралығында А.Қ. Қалжанова басқарды. Қазіргі таңда А.Е. Смаилова директор міндетін атқаруда.

2013 жылдан бері колледж тарихында 4000 мыңға жуық орта буын медицина қызметкерлері дайындалды.

 

 

 

 

 

Колледждің мекен жайы 120000, Қызылорда қаласы,Сол жағалау, 8(7242) 301099

Эл. почта:  bolashak_med@mail.ruресми сайт: med.bolashak-edu.kz, электронды пошта: bolashak_med@mail.ru.