Емдеу ісі
Мамандығы: «0301000-Емдеу ісі» Біліктілігі: «0301023 – Акушер» «0301000-Емдеу ісі» мамандығы, «0301023 – Акушер» біліктілігі бойынша оқу мерзімі: · жалпы орта білім негізінде- 2 жыл, 10 ай «0301023-Акушер» біліктілігін алған маман медициналық-әлеуметтік және дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді. Медициналық көмектің келесі нысандарын орындайды: - алғашқы медициналық-санитарлық көмек; - стационарлық көмек; - стационарды алмастыратын көмек; - төтенше жағдайларда медициналық көмек; - қалпына келтіру емі және медициналық оңалдыру; Қоғамдық денсаулық сақтау саласының мәселелерін шешу үшін қауіпсіз, жоғары сапалы, нәтижелі кәсіби және әлеуметтік мобильды, бәсекеге қабілетті «Емдеу ісі», акушер саласының мамандарын дайындауды колледж өзінің парызы деп санайды. Осы мақсатты іске асыру үшін колледжде заманауи материалдық-техникалық базасы, білім алушылардың контингентіне сәйкес компьютерлер және желілік инфрақұрылымдар, тұрақты қаржы құйылымдар, жоғары білікті педагогикалық оқытушылар, қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасалынған. Білім беру бағдарламасының мақсаты колледж түлегінің мәдени жеке қасиеттерін дамытумен қатар МЖМБС талаптарының құзыреттілігіне сай мамандарды даярлау. «Емдеу ісі», акушер мамандығының негізгі мақсаты мамандарды дайындау барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын көрсетіп, әр түрлі жастағы науқастарға бастапқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсету. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: Мамандығы бойынша білім алушының оқу бағдарламасын игеру нәтижесі: - термохимиялық және термодинамикалық заңдарын меңгеру; қышқылмен негіздердің тепе-теңдігін білу, ағзадағы буферлік жүйенің қызметін білу; - клиникалық пәндерді оқыту негізінде алған білімдерін пайдалану және тұқым қуалаушы аурулардың түрлерін меңгеру; - қазіргі компьютерлік технологиялар жайлы және де оларды қазіргі медицинада қолдану жайлы түсінігі болу; - Қазақстан тарихының тарихи құбылыстарын және үрдістерін оқу барысында шынайы-тарихи оқиғаларды талдау дағдыларын меңгеру; - экономика негізі жайлы жалпы ережені білу, экономика негіздерін меңгеру, елдегі және шетелдегі экономикалық жағдайларды меңгеру. - әртүрлі жағдайларда дене жарақаттарына алғашқы көмек көрсету, хирургиялық ауруларды күту тәсілдерін, жүрек-өкпе жан сақтау тәсілдерін меңгеру; - әр түрлі командаларда жұмыс істей алу, коммуникация дағдыларын меңгеру; - әр түрлі апатты жағдайларда алғашқы көмек көрсету, орын алған жұқпалы ауруларды диагностикалық тәсілдерін, оны емдеу негіздерін білу; - науқасқа мейірбикелік күтімді ұйымдастыру, манипуляция мен емдік шараларды орындаудың техникасын меңгеру. - ауруханаларда, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияда, акушерлік-акушериялық пунктерде, медициналық-санитариялық алғашқы жәрдем орталықтарында емдік-диагностикалық шараларға, әртүрлі жас аралықтарында науқастарға алғашқы медициналық және санитариялық көмек көрсетуге қатысу; - қазіргі тәсілдерді қолдана отырып диагностикалау және салыстырмалы диагностика жүргізу, сондай ақ балаларда жиі кездесетін ауруларды емдеу және алдын-алуды жүзеге асыру; - алғашқы медициналық-санитариялық ұйымдарда нормативтік құжаттарды рәсімдеу; - қызметтестермен бірігу және бірлесе жұмыс істеу; - аурулардың алдын-алу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Мамандығы: «0301000- Емдеу ісі» Біліктігі: «0301013- Фельдшер»
«0301000- Емдеу ісі» мамандығы, ««0301013- Фельдшер» біліктілігі бойынша оқу мерзімі: · жалпы орта білім негізінде- 2 жыл, 10 ай; · негізгі орта білім негізінде- 3 жыл, 10 ай.
Оқу бағдарламасын меңгеру барысында «0301000-Емдеу ісі» мамандығы бойынша орта кәсіби білімі бар фельдшер, дәрігерлердің көмекшісі міндетті түрде оқу пәнінің теориялық негізін және медициналық материалдармен жұмыс істеу ережесін толық білуі және тәжірбиелік бейімділікті меңгеруі тиіс. «0301000-Емдеу ісі» мамандығына арналған оқу бағдарламасының негізгі мақсаты білім пәнінің теориялық негізін түсіндіру және материалдарын жинау аурудың алдын алу шарттарын арналған залалсыздандыру шараларын жүргізу, зертханалық нақтамалау әдістерінің заманауи түрлерін меңгеру, жұқпалы аурулардың алдын алу, емдеу амалдарын жүргізе алуға бейімделу болып саналады. Орта буын медицина қызметкерлерін дайындауға арналған «0301000 - Емдеу ісі» мамандығының негізгі нысанасы – бұл Қазақстан денсаулық сақтау мекемелерінің, қоғамның қойып отырған талаптарына сәйкес халық денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін кәсіби мамандарды дайындау жұмысының сапасын арттыру. Қазіргі уақытта біздің елімізде фельдшер мамандары сұранысқа ие. Шет аймақ елдімекендерде де медициналық көмектен шет қалмауы тиіс. Ауылды мекендерде фельдшер кей уақытта терапевт, медбике, акушер жұмыстарын атқарады. Фельдшер әскери бөлім, теміржол станциялары, аэропорт денсаулық пункттерінде өз біліктілігі бойынша қызмет атқара алады.
|








