Бүгін: 20 сәуір 2026 жыл
Басты бет » Студентке

Лабораториялық диагностика


Мамандығы: 0305000 - «Лабораториялық диагностика»

Біліктілігі: 0305013 – Медициналық лаборант

 

«0305000-Лабораториялық диагностика» мамандығы, «0305013-Медициналық лаборант» біліктілігі бойынша оқу мерзімі:

 

·   жалпы орта білім негізінде- 2 жыл, 10 ай; 

·   негізгі орта білім негізінде- 3 жыл,  10 ай.

 

0305000 – «Лабораториялық диагностика» мамандығында білім алушы белгіленген біліктілік деңгейіне білім беретін оқу бағдарламасын игеру нәтижесінде тұтас оқу-тәрбиелік үрдісінің барысында қалыптасқан кәсіби құзыреттілікке ие болуы тиіс:

-           адам денесінің құрылысынан хабардар болу;

-           адам денесінің негізгі остері мен жазықтығын анықтау;

-           ағзалардың, қан және лимфа жүйелерінің проекциялары мен  шектерін табу;

-           аспаптарды қолдана отырып тәжірибелер жасау, химиялық экспериментті анализдеу, иондық алмасу теңдігін және тотығу-қайта тіркеу реакцияларын құру, органикалық заттардың функционалдық топтары бойынша құрылымдық формаларын, органикалық заттардың классының концентрациясы түрлері мен сапалық реакциясы қатарына қарапайым есептеулер жүргізе алуы тиіс.

-           лабораториялық зерттеулер жүргізуге жұмыс орнын дайындай білу;

-           лабораториялық зерттеулер жүргізу, алынған мәліметтерді тіркей білу;

-           биологиялық жүйелерді зерттеу үшін негізгі медициналық аспаптар мен аппараттар топтарын қолдана білу;

-           пайдаланған материалды қайта өңдеуді, пайдаланған лабораториялық ыдыстарды, құрал-саймандарды, жеке басын қорғау заттарын зарарсыздандыру және залалсыздандырылуын жүргізе білу;

-           мамандыққа деген тұрақты оң көзқарасты қалыптастыра білу. Тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыта білу. Салауатты тұлға қалыптасуына себін тигізе білу;

-           асептика мен антисептика ережелерін сақтауды білу;

-           халық ішінде гигиеналық тәрбие жұмысын жүргізе білу;

-           әртүрлі концентрациясы ұқсас және нақты нақты ерітінділерді, залалсыздандыруға тығындар мен тампондар, ыдыстарды дайындауды іске асыра білу.

Білім алушылардың кәсіптік қызметін жүзеге асыруға арналған мекемелерге:

-         емдеу-алдын алу және ветеринарлық мекемелер жанындағы диагностикалық орталықтар;

-         диагностикалық зертханалар;

-         жоғары және орта оқу орнындары;

-         медициналық-биологиялық және ветеринарлық-биологиялық бағыттағы  ғылыми-зерттеу институттары;

-         биотехнологиялық және фармокологиялық профильдегі өндірістік кәсіпорындардың бөлімшелері мен зертханалары;

-         ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау саласының басқарушылық құрылымдары жатады.

 

0305000 - «Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша  2013 жылдан бастап  9 маман даярланып  шықты.