Бүгін: 16 наурыз 2026 жыл
Басты бет » Студентке

Фармация


Мамандығы: «0306000- Фармация»

Біліктілігі: «0306013- Фармацевт»

 

«0306000- Фармация» мамандығы,  0306013- Фармацевт» біліктілігінің оқу мерзімі :

·     жалпы орта білім негізінде- 2 жыл, 10 ай

 

«Фармация»  мамандығының негізгі мақсаты- мамандарды дайындау барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын көрсетіп, фармацевтикалық практика саласында жұмыс атқару үшін фармацевтикалық білімі бар мамандарды дайындау.

«0306000- Фармация»  мамандығының коды мен мамандық атауы Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрлігінің техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 273-од бұйрығымен бекітілген ҚР МЖМБС 05-2008 техникалық және кәсіптік білім беру, орта білім беруден кейінгі білім берудің кәсіптері мен мамандықтар жіктеуішіне сәйкес көрсетілген.

  0306000 - «Фармация»  мамандығының кәсіби қызметінің түрлері:

-       жалпы фармацевтикалық: фармацевтикалық өнімі көтерме-бөлшек сауда арқылы босату;

-  өндірістік: дәрілік нысандарды дәріханалық жағдайында дайындау;

-  ақпараттық-сараптамалық;

-  ақпараттық-кеңестік;

-  маркетингтік;

-  инновациялық.

 Фармацевтер жұмыстарын жоғарғы білімді фармацевт мамандарының бақылауымен жүргізеді.