Гигиена және эпидемиология
Мамандықтың жалпы сипаттамасы
0303000-«Гигиена және эпидемиология» мамандығының коды мен мамандық атауы Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрлігінің техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетінің 2008 жылғы 3 маусымдағы №273-од бұйрығымен бекітілген ҚР МЖМБС 05-2008 техникалық және кәсіптік білім беру, орта білім беруден кейінгі білім берудің кәсіптері мен мамандықтар жіктемесіне сәйкес көрсетілген.
Біліктілігі: 0303013-Гигиенист-эпидемиолог
0303000-«Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша кәсіби білім бағдарламасын меңгеру түрі: -күндізгі. Оқытудың күндізгі түріндегі кәсіби білім беру бағдарламасын меңгерудің білім базасы, нормативтік мерзім, тиісті біліктіліктер: Қабылдаудың жалпы білім беру базасы: -жалпы орта білім негізінде.
0303000-«Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша кәсіби білім берудің оқыту бағдарламасы төмендегі біліктілік деңгейінде жүзеге асырылады: Күндізгі оқыту түріндегі мамандықтар бойынша техникалық және кәсіби білім берудің кәсіби білім беру бағдарламасын меңгеруді нормативтік мерзімі:
0303000-«Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша кәсіби қызметтің объектілері Гигиенист-эпидемиологтың кәсіби қызметінің объектісіне: -Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелері, СЭС, -орталықтары, дезинфекциялық станциялары, -салауытты өмір салтын насихаттау орталықтары, -обаға қарсы күресу және дезинфекциялық станциялар, бөлімдері, -санитария-эпидемиологиялық бейіндегі өндірістік кәсіпорындар жатады. |








