1-курс білім алушылары үшін
Колледжіміздің білім алушыларына психологиялық кеңестер!
Себебі, оқу орындарында ақпараттың барлығы берілмейді. Көбіне мәліметті іздеуге бағыт-бағдар сілтенеді, ал білім алушылар сол бағыт бойынша өздері ізденеді. Мәліметтерді дер кезінде табу оңай емес. Мамандық алып шығамын деген талапкер осыған дағдылануы керек.
Ақпаратты іздеу – бұл аз. Оның арасынан өзіне керегін ғана алып, түсініп, санаға жүктеу керек. Өзгенің миымен ойлану бүгінгі күннің талабына жатпайды. Сол үшін өз бетімен оқып, ақпаратты сіңіре алуыңыз керек.
Білім алушылардың басым бөлігі «бәрін білгім келеді» деген сөзді жақсы көреді. Сол себепті, әркімнің сөзіне еріп кетеді. Қоғамның қозғаушы күші де осы сіздер. Бәріне сақтықпен қараған дұрыс. Өз-өзіңізге жауап беру – үлкен іс.
Оқу орнында білім алушы көппен бірге жұмыс жасап үйренуі керек. Көпшілік ортада өз ойын еркін жеткізіп, таныта алуы тиіс. Көптің бірі болу қазіргі білім алушыларға жат. Бірі өнерімен, бірі іскерлігімен, бірі спорттық қабілетімен, бірі басқару ерекшелігімен ортада ерекшеленіп тұруы қажет. Көлдің тамшыдан құралатынын ұмытпаған абзал. Колледжіміз – аспан, ал сіздерді – жұлдыз десек, бәрі жанып тұрса, аспан әдемі болары сөзсіз.
Бір топта бірнеше мінез, бірнеше келбет, бірнеше дауыс бар. Олар бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Олардың бәрімен тіл табысу – зор өнер.
6. Ел алдында сөйлеу Колледжде күндердің бір күнінде ел алдында сөйлеуге тура келеді. Ауызша емтихан, мемлекеттік емтихан тапсыру... Тобыңыздағы құрбыңыздың артына тығылу, әсте, жараспайды. Батылдық – сізді алып шығатын серігіңіз.
Өмірде түрлі жұмыс бар. Оның бәрі бірдей сізге ұнай бермейді. Колледж қабырғасында сізге ұнамайтын тапсырмалар жүктелуі мүмкін. Аралық бақылауға сіз ұнатпайтын тақырыпты қорғауға берсе, бас тартпай орындап көрген жөн.
Мақсат қоя білу үлкен жауапкершілікті талап етеді. 24 сағат ішінде оқып та, тамақтанып та, демалып та үлгеру керек. Ал үлгеру үшін жоспар керек. Жоспар дегеніңіз – мақсат. Бір күнге мақсатты дұрыс қоя білген адам өмірде де адаспайды.
|





Іздену қабілетін дамытыңыз!


