Оқуға кеңес береміз
Студент – көп оқуы керек адам. Осы білімі үлкен өмірдің шамшырағы болады. Мына кітаптар студенттің өмірін жеңілдетіп, оқуын оңайлатады. Бұл кітаптарды оқысаңыз өзіңізге үлкен инвестиция құйғанмен бірдейсіз. ⠀ Бұл кітап студенттің билеті тәрізді. 4 жылдық өмірде нағыз серік болатын кітап. Ішінде студентке қатысты нәрсенің бәрі бар. Ұйықтау, кітап оқу, тамақтану, ғашық болу, кешікпеу, ақша табу, мотивация алу, жұмыс істеу, даму, дос табу, т.б. қызықты тақырыптарды табасыз.
Бұл жоспар жасауға арналған күнделік. Бүгін не істеймін, ертеңге не жоспар жасаймын дегеннің бәрі осы күнделікте. Толтырып қойып, соған сай жүресіз. Нәтижесінде бәрін жеңіспен аяқтайсыз. ⠀ Студент білімді өте тиянақты, көп алу керек. Демек, көп кітап оқу керек. Сонымен қатар, оқыған кітабын ешқашан ұмытпау керек. Бұл кітап соған тұп-тура көмектеседі. Кітапта берілген әдістермен сіз кемінде 5 есе жылдам оқып бастайсыз. Әрі есте сақтаудың техникаларымен танысасыз. Жылдам оқуды бір үйренсеңіз, өмір бақи серігіңіз болады. ⠀ Бұл жаңадан шыққан кітап студентке көптеген таңдаудың бар екенін өмірде болған оқиғалармен көрсетеді. Кеше ғана мектеп бітіріп, үлкен өмірде кім боларын, қалай боларын білмей басы қатып жүрген студентке жақсы бағыт-бағдар береді. Бұлыңғыр бояуды кетіреді. |









