Бүгін: 21 қаңтар 2026 жыл
Басты бет » Колледж қызметі

Психолог қызметі


Студенттер мен ата-аналар!

   Педагог – психолог қызметінің мақсаттары:

  • білім алу процесінде студенттер мен студенттік топтарды  педагогтік қолдау, студенттің психологиялық тұрғыдан қорғалуын күшейту, әлеуметтік бейімделген, еңбек нарығында сұранысқа ие бітірушісін қалыптастыру;
  • колледждегі білім беру процесі сапасының жақсаруына септігін тигізетін және оның әрбір субъектісінің тұлғалық әлеуетінің мейлінше толықтай ашылуына бағытталған әлеуметтік – психологиялық жағдайларды қамтамасыз ету;
  • әр – түрлі жастағы студенттерге психологиялық – педагогикалық қолдау жүйесін жасау.

 

Міндеттері:

  • уақытылы алдын алу және пайда болған қиындықтардың тиімді шешімін табу мақсатында студенттердің әлеуметтік – психологиялық статусы мен бейімделуі ерекшеліктерін зерттеу.
  • позитивтік «Мен» бейнесін, дара және қайталанбас тұлғаны, коммуникативті құзыреттілікті, өмірге деген құндылықты көзқарастың қалыптасуына септігін тигізу мақсатында шараларды жобалау мен жүзеге асыруға қатысу.

 

   Жоспарға сәйкес психологиялық қызмет жұмысты келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

  • диагностикалық жұмыс –

студенттердің эмоционалдық жағдайын, қобалжу деңгейін, ұжымдағы психологиялық ахуалды зерттеу деңгейін анықтау, қабілет, қызығушылықты және т.б. диагностикасы.

  • психокоррекциялық жұмыс –

өзіне және өзгелерге деген позитивті, толерантты қарым – қатынасты қалыптастыру, өз эмоцияларын басқара білуді үйрену, шешендік шеберлік өнерін, пациенттермен сөйлесудің коммуникативті дағдыларын оқып, білу.

  • кеңес беру қызметі –

өмірлік қиын жағдайға психологиялық көмек пен қолдау көрсету.

 

  Психологиялық сауаттану – заманауи психологиялық зерттеулер нәтижелерін түсіндіру және насихаттау, психологиялық білімге деген қажеттілікті қалыптастыру, оны өз жұмысында немесе өзінің тұлғалық даму мүддесінде қолдану.

 

Жұмыс формалары (түрлері):

  • студенттермен топтық жұмыс;
  • топ кураторларымен жұмыс;
  • ата – аналармен жұмыс (ата – аналар жиналысын қоса алғанда).

 

Жұмыс жасау әдістері.

   Колледж педагог – психологынан көмек сұрайтын мәселелер:

1. Оқу үдерісіндегі қиындықтар.

2. Топтағы қарым – қатынастар.

3. Ата – анамен жасалатын қарым – қатынас.

4. Өмірлік жолды таңдау.

5. Өзіндік басқару және өзіндік даму.

 

          Психолог – кейбір қасиеттерді, білік пен дағдыларды дамыту технологиясын меңгерген және де сол технологиямен сізбен қуана бөліскісі келетін адам.

         Сізге біздің сайттың парақшаларымен жағымды және тиімді виртуалды саяхат жасауыңызға тілектеспіз!

 

Көпжасар Арайлым Оңталапқызы

 

Қызылорда қ., Сырдария өзенінің сол жағалауы 111-ғимарат, С корпусы, 

103 С кабинеті

 

Тел.: 8(778)4040100

 

email: arailym.kopzhasar@bk.ru

 

Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма 09:00 – 18:00.