Бүгін: 6 желтоқсан 2025 жыл
Басты бет » Колледж туралы

Кадр құрамы

 

 «Болашақ» жоғары медициналық колледжінің кадрлық саясаты колледж миссиясы мен мақсаттарына сәйкес кадрлық әлеуетті қалыптастыруға бағытталған колледждің стратегиялық саясатының ажырамас бөлігі болып табылады.

 

Колледждің кадр саясатының мақсаты - жоғары кәсіби деңгейдегі колледж персоналын қалыптастыру, дамыту және басқару жүйесін құру.

 

Колледждің кадрлық саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру келесі принциптерге негізделеді:

 

  • Конституцияның, еңбек заңнамасының нормаларын қатаң сақтау;
  • колледждің оқытушылық құрамы мен қызметкерлерін басқаруға демократиялық көзқарас
  • колледж қызметкерлерінің кәсіби әлеуетін, бастамасы мен шығармашылығын өсіру мен іске асырудың тең мүмкіндіктері;
  • кадрлық саясатты колледж қызметкерлерінің қызметін ынталандыру кезінде олардың кәсіби құзіреттілігін арттыруға бағыттау;
  • персоналды бағалаудағы жоғары талаптар мен объективтілік;
  • колледж  қызметкерлерінің сабақтастығы мен жаңаруы.

 

Колледждің педагогикалық құрамы ұсынылатын ҚР Мемелекеттік жалпыға міндетті медициналық білім беру сапасына жауапты. Колледждің оқытушылар құрамының кадрлық әлеуеті білім беру әрекетінің лицензиялаудың кәсіби талаптарына сәйкес келеді және оқытушылар оқыту үрдісі мен кері байланыс ұйымдастыру кезінде білім алушыларға тиімді білім беретін қажетті шеберлік пен тәжірибесін, оқытудың заманауи әдістемелерін меңгерген.

 

Оқу пәндерін оқыту штаттағы оқытушылармен жүзеге асырылады және де қалалық емдеу-профилактикалық мекемелерден қосымша қызметкерлер тартылады. Дәрігер-оқытушылар құрамы оқытылатын пәннің ерекшеліктерін толықтай түсінеді, оқытудың заманауи әдістеріне ие, білім беру процесінде білім алушыларға білімді тиімді беру үшін қажетті дағдылар мен тәжірибеге ие, бұл  тиімді оқу процесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

 

 Барлық оқытушы құрамының базалық білімі жалпыға білім беру, гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндер бойынша жүзеге асырылатын білім алушыларды дайындау мазмұнының талаптарына толықтай сәйкес келеді және колледждің мақсатына, міндеттері мен білім беру қызметінің бағыттарына жауап береді. Колледждің оқытушы құрамы оқыту, тәрбиелеу қызметтерін жүзеге асырады, кәсіби білім берудің барлық бағыттары бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысына қатысады, білім алушылардың оқу-зерттеу жұмысына бақылау мен жетекшілік етеді, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар және басқа да оқытылатын пәндер бойынша әдістемелік құрал әзірлейді.

 

Колледждің кешендік жоспарында сапа құрамының көрсеткіштерін көтеруге және колледж оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға арналған шаралар қарастырылған.

 

Оқытушылар құрамы басшылығының саясаты келесі қағидалар бойынша жүзеге асырылады:

 

ü оқытушылар мен колледж қызметкерлеріне демократиялық тәсілдеме;

 

ü жетекшілік құрам мен басқарушылық қосалқы жүйе мүдделерінің үйлесуі;

 

ü жетекшіліктің қол жетімділігі;

 

ü колледж оқытушылары мен қызметкерлерінің қызметін ынталандыру.

 

Колледждің  негізгі жұмысы  бәсекеге қабілетті орта буын маман даярлау, кадрлық саясат,  жеке тұлға тәрбиелеу, медициналық мамандықтың беделін көтеру, материалдық-техникалық қорды нығайту, оқытушылар мен білім алушыларды әлеуметтік қолдау үшін таңдалған басымдылықтарды сақтауға негізделген.