Бүгін: 20 қаңтар 2026 жыл
Басты бет » Колледж туралы » Материалдық-техникалық база

Материалдық-техникалық база жайлы жалпы мәлімет

«Болашақ» медицина колледжі оқу материалдық және әлеуметтік базасы, білім алушы студенттер ортасы алға қойған миссиясына, стратегиясына, сапалы білімді алу деңгейіне сай жұмыс жасауда.

Колледж 6 қабаттық ғимаратта орналасқан. Оқу корпусының жалпы ауданы 4795,3 кв.м құрайды, оның ішінде оқу-дәріс кабинеттенің ауданы 66,2 кв.м, оқу зертханалық кабинеттердің - 21,7 кв.м  құрайды. Акт залы бар, ол жерде барлық тәрбие жұмысының жоспарлаған іс-шараларын өткізуіне мүмкіндік жасалынған.   Спорт кешені соңғы  үлгідегі спорттық жабдықтармен жабдықталған. Спорт алаңы – 17,8 кв.м.әрине бұл нормативке сәйкес келмейді, соған байланысты дене тәрбие сабағын қосымша өткізу мақсатында жанымыздағы «Қызмет» колледжімен  және «Болашақ» университетімен келісім-шарт жасалды. Студенттерде салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін колледжде барлық жағдайлар жасалған. Нормативтерге сәйкес спорттық залы, ұлдарға және қыздарға арналған шешінетін бөлмелер, әжетханасымен екі жуынатын бөлме бар. 

 Оқу ғимаратында   50  оқу кабинеттері  қазіргі заманауи  оқу-әдістемелік, техникалық оқу құралдармен жабдықталған: оқу –дәріс кабинеттері- 66,2 м. кв., оқу зертханалық кабинеттері-21,7 м. кв. Симуляция кабинеттері -6, анатомия 2, компьютерлік технология-2, тест орталығы-2,  алғашқы әскери дайындық-1, химиялық зертхана -2, терапевтік стоматология -1, протездеу технология-1, фармакология -3.  Қосымша 33.

Қазіргі таңда заманауи компьютерлік техниканың, желілік жабдықтың болуы- жаңа инновациялық технологияны пайдаланудың негізгі факторы болып табылады. Колледжде техникалық құралдар паркі үнемі жаңартылып отырады. Негізгі өндірістік процестерді ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету үшін колледжде компьютерлік техника жеткілікті қарастырылған.

Клиникаға  дейінгі тәжірибе кабинеттері заманауи симуляциялық жабдықтармен және манекендермен жабдықталған.

Тәжірибелік кабинеттер оқу үрдісіне қажет құрал-жабдықтармен, маникендермен, муляждармен, фантомдармен, клиникаға дейінгі кабинеттер электронды симуляциялық тренажорлармен жабдықталған. Сонымен қатар, барлық симуляциялық кабинеттерге видеокамералар  орнатылып, ол оқу кабинетімен жалғастырылған. Сабақ барысында оқу кабинетінде студенттердің жіберген қателері талқыланып, ол оқу процесін жақсартуға септігін тигізеді.