Колледж мақсаттары мен міндеттері
Колледждің стратегиялық мақсаты:
Сапа менеджмент жүйесінің және ҚР ДСМ жүргізіп жатқан реформаларының талаптарына сәйкес және осы миссияны негізге ала отырып, «Болашақ» медицина колледжі сапаны жақсарту мақсатында төмендегі нақты шараларды негізге алады:
1. Орта буынды медицина қызметкерлерін дайындай отырып, олардың біліммен сусындауда қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
2. Білім саласына тиімді тәрбие жұмыстарын енгізу және дамыту;
3. Оқытудың сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
4. Сапалы білім беру қызметін қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық базаны нығайту.
5. Замануи білім беру технологияларын енгізу және колледждерде барлық үрдістерді ұтымды ұйымдастыру есебінен кадрларды даярлау сапасын жетілдіру (жоспарлау, орындау, бақылау, талдау).
6. Колледждің қаржы-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
7. Ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен басқа да іс-шараларға қатысатын оқушылар санын көбейту;
8. Жастар комитеті жұмысы арқылы оқушылардың азаматтық қатысу мен көшбасшылық дағдыларын жетілдіру бойынша өзін-өзі басқару қызметін қарқындатуды жүзеге асыру.
9. Педагогикалық шеберлікті және ғылыми жұмыстарды арттыру;
10. Облыстық, қалалық медициналық ұйымдармен әлеуметтік әріптестікті дамыту.
Перспективалық жоспар аясында қысқа мерзімдік жоспарлар құрылды:
- оқу жұмысы;
- педагогикалық кеңес;
- тәрбие жұмысы;
- кураторлар жоспары, бөлім меңгерушілерінің, үйірмелердің жоспарлары және т.б.
Колледждің негізгі міндеттері:
- заманауи оқыту құралдарымен жабдықтау;
- лабораториялық құралдарын, оқу мүлігін, техникалық және көрнекі құрал-жабдықтарын алу және жөндеу құрылыстық жұмыстары үшін қаржы көлемін көбейту; әкімшілік басшылық, оқу тәрбие үрдісі мамандарының құзіреттілік деңгейін жетілдіру және оқытушылардың кәсіби деңгейін өсіру, мамандарды даярлау;
- оқушылардың азаматтық белсенділігін және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу болып табылады.
Колледждің миссиясы, мақсаттары және міндеттері колледждің материалды және интелектуалды ресурстарына, еңбек нарығының талаптарына сәйкес келеді. Колледжде «Білім сапасын бақылау» туралы Ереже жасалды және ол педагогикалық кеңесте талқыланды. (Хаттама 1, 31.08.2016 ж.). Сондай-ақ колледждің сапа жөнінде саясат жасалды және ол оқытушыларға таныстырылып, директормен бекітілді.








