Симуляциялық оқыту орталығы
Клиникаға дейінгі тәжірибе кабинеттері заманауи симуляциялық жабдықтармен және манекендермен жабдықталған.
Тәжірибелік кабинеттер оқу үрдісіне қажет құрал-жабдықтармен, маникендермен, муляждармен, фантомдармен, клиникаға дейінгі кабинеттер электронды симуляциялық тренажорлармен жабдықталған. Сонымен қатар, барлық симуляциялық кабинеттерге видеокамералар орнатылып, ол оқу кабинетімен жалғастырылған. Сабақ барысында оқу кабинетінде студенттердің жіберген қателері талқыланып, ол оқу процесін жақсартуға септігін тигізеді.
Симуляциялық оқыту орталығы колледждің құрылымдық бөлімшесі және денсаулық сақтау саласындағы үздіксіз кәсіби білім беру аясында оқытуды заманауи ұйымдастыру түрлері мен әдістерін іске асыратын оқу орталығы болып табылады.
Симуляциялық оқу орталығының құрылымы, оған жүктелетін міндеттер, мақсаттар, колледждің негізгі алға қойған міндеттерін ескере отырып құрылады. Симуляциялық орталықтың жетекшілері және лаборант тағайындалған.
Симуляциялық оқу орталығының негізгі атқаратын міндеттері:
- Оқу процесінің барысында заманауи білім беретін симуляциялық технологияларды оқу барысында енгізу және өңдеу;
- Студенттердің өз бетінше жұмыс жасауын ұйымдастыру, іздеуге, қабілеттерін дамытуға қалыптастыру;
- Негізгі пәндермен қатар клиникалық пәндер арасында іскерлік ынтымақтастықтың әртүрлі формаларын дамыту;
- Орта буын медицина мамандарының сапасын жақсартуға бағытталған жаңа ұйымдастыру формалары, оқыту тәсілдері және бағалау тәсілдері негізінде практикалық сабақтарды ұйымдастыру.
- Жалпыға міндетті білім беру бағдарламасына сәйкес практикалық іс-машықтарды игерудің реттілігін және сабақтастығын қамтамасыз ету
Симуляциялық оқу орталығының құрылымы 6 симуляциялық кабинеттен тұрады. Кабинеттерде студенттер сабақтан тыс уақыттарында практикалық іс-машықтарына үйренеді.Дуалды оқытудың басты қадамы ретінде колледжде симуляциялық орталықтар қызмет етеді. Колледж студенттерінің білім деңгейі мен практикалық дағдыларын бағалау симуляциялық орталықта клиницист-дәрігерлер мен аға медбикелердің қатысуымен жүргізіледі.








