Бүгін: 13 қараша 2025 жыл
Басты бет

Енгізілді: 01.11.2020Қаралғаны: 355 рет
Қазан айының 30-шы жұлдызында «Болашақ» жоғары медицина колледжінде «Жалынды жастар – ел болашағы» атты 1 курс білім алушыларын студенттер қатарына салтанатты түрде қабылдау іс –шарасы өтті. Аталған шара онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы жүргізілді. Құттықтау сөз «Болашақ» университетінің студенттік істер және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Кәрібаева Гүлжан Асылбекқызына берілді. Салтанатты шарада колледждің белсенді өміріне атсалысып, шығармашылық пен білімді қатар ұштас

     Қазан айының 30-шы жұлдызында «Болашақ» жоғары медицина колледжінде «Жалынды жастар – ел болашағы» атты 1 курс білім алушыларын студенттер қатарына салтанатты түрде қабылдау іс –шарасы өтті. Аталған шара онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы жүргізілді. Құттықтау сөз «Болашақ» университетінің студенттік істер және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Кәрібаева Гүлжан Асылбекқызына берілді. Салтанатты шарада колледждің белсенді өміріне атсалысып, шығармашылық пен білімді қатар ұштастырып жүрген білім  алушылар «Болашақ» университеті ректорының алғыс хатымен марапатталды.

    Шара барысында «Болашақ» жоғары медицина колледжінің 1-курс топ басшылары салтанатты түрде ант қабылдап, колледж директоры Каусова Сауле Исмагуловна ханымнан студенттік билет пен сынақ кітапшасын, білім кілтін қабылдады. Колледж директоры білім алушыларға өздері таңдаған мамандықтың шебер де білікті, қайсар да мейірімді ақ халатты абзал жандардың қатарын толтырады деген сеніммен өзінің жүрек жарды лебізін білдірді.