Бүгін: 13 қараша 2025 жыл
Басты бет

Енгізілді: 11.11.2020Қаралғаны: 317 рет
04.11.2020ж «Болашақ» жоғары медициналық колледжі және «Қазақстан ерікті жастар лигасы» ұйымының ұйымдастыруымен ерікті жастар арасында «DENSAULYQ LIFE» атты алғашқы медициналық көмек көрсету сайысы өтті.

    04.11.2020ж «Болашақ» жоғары медициналық колледжі және «Қазақстан ерікті жастар лигасы» ұйымының ұйымдастыруымен ерікті жастар арасында «DENSAULYQ LIFE» атты алғашқы медициналық көмек көрсету сайысы өтті.

   Колледж директоры Каусова Сауле Исмагуловна сөз сөйлеп қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Сайысқа қаламыздың ерікті жастарынан құралған 4 топ қатысты. Олар: «Медишл», «Зиялылар», «Антисептик», «Антивирус». Сайысқа қатысушылар 4 кезең бойынша бақтарын сынады:

І кезең «Медицинаның алғы шарттары»;

ІІ кезең «Сенің әрекетің»;

ІІІ кезең «Кім жылдам?»;

ІV кезең «Өмір қымбат»

   Сайыс барысында қатысушылар тапсырмалар орындап, өкпе реанимациясын көрсетіп, стикерлер жинап, ситуациялық сұрақтарға жауап берді.

   Сайысқа төмендегі әділ – қазылар құрамы төрелік етті:

1. «Болашақ» жоғары медициналық колледжінің арнай пән оқытушысы Сұңқарбаева Алия Ғинаятовна;

2. Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігері Рабатова Гульжанар Олдасыновна;

3. Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығының медбикесі Ирсаитова Жанар Сериковна.

   Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені «Медишл» тобы иеленіп, диплом және 10 000 теңгелік қаржылай сыйлық берілді. I орынды «Антисептик» тобы, II орынды «Зиялылар» III орынды «Антивирус» тобы иеленіп,  дипломдар табысталды. Әр бөлім бойыша үздіктерге арнайы номинациялар тағайындалып, ұйымдастыру жұмысына үлес қосқан белсенділер мен қазылар алқасы марапатталды.