Бүгін: 13 қараша 2025 жыл
Басты бет

Енгізілді: 12.12.2020Қаралғаны: 301 рет
«Болашақ» Университетінің жоғары колледжінде «Оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және инновациялық тәжірибелерді пайдалану» тақырыбындағы апталық аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушыларының арасында «Universal педагог» сайысы өткізілді.

«Болашақ» Университетінің жоғары колледжінде  «Оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және инновациялық тәжірибелерді пайдалану» тақырыбындағы апталық аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушыларының арасында «Universal педагог»  сайысы өткізілді. Оқытушылардың жаңа  ақпараттық жаңалықтарды игеруі, кәсіби білімінің  айқындалуы мақсатында ұйымдастырылған сайыста «Болашақ» жоғары медициналық колледжінің психология пәнінің оқытушысы Календеров Молдияр Достиярұлы І орынды иеленді.

Белгілі  педагог  К.Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді  тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды» дегенді, ізденімпаз жас әріптесіміз Молдияр Достиярұлын жеңісімен құттықтаймыз және шығармашылық шабыт тілейміз.