Бүгін: 13 қараша 2025 жыл
Басты бет

Енгізілді: 12.12.2020Қаралғаны: 329 рет
Қоғамдағы өзгерістерге және денсаулық сақтаудағы жетістіктерге байланысты медициналық орта буын қызметкерлерінің рөлі едәуір өсті, демек, кәсіптік мейірбикелік іске қойылатын талаптарда өсті.

     Қоғамдағы өзгерістерге  және денсаулық сақтаудағы  жетістіктерге байланысты  медициналық орта буын қызметкерлерінің  рөлі едәуір өсті, демек, кәсіптік мейірбикелік іске қойылатын талаптарда өсті.  Қазіргі медбикелік іс- әлеуметтік сұраныстарға толық жауап беру үшін оқу орындарында жаңа типті медициналық  мейірбике тәрбиелеуді талап етеді.  Осы мақсатта  «Болашақ» жоғары медицина колледжі мекемесінде  «Мейіргер ісінің  негіздері» пәні бойынша  ZOOM платформасы арқылы «Дәрі –дәрмектерді парентералды жолмен енгізу» тақырыбында семинар – тренинг әдісі өтті.

Ұйымдастырушы оқытушылар: Қалымбетова Шәрі  Нұрқадырқызы, Сұңқарбаева Әлия Гинаятқызы және Байтукаева Гүлмайра Рысмағанбетқызы.

Қатысушылар 1-3 кур студенттері ФД-11-20-4,  ФД-9-18-5 оқу топтары. Оқыту барысында :

-         дәрілерді парентералдық жолмен енгізудің мәнін, түрлерін және артықшылықтарын;

-         шприцтердің  және инелердің түрлерін, қолдану ережелерін

-         егу жасағанда асептика және антисептика ережелерін

-         барлық ережелерге сәйкес залалсыздандырылған үстелден,  залалсыздандыру лотогынан шприцті құрастыруды

-         ампуладан, флаконнан  дәріні шприцке сорып алуды

-         залалсыздандырудың алдындағы тазалауды өткізуді істей білу керектігіне мағлұмат берді.