2021 жылдың 1-6 қараша аралығында арнайы пәндер бойынша «AMOR ARTIS MEDICINALS EST AMOR HUMANITATIS» («Медицина өнеріне деген сүйіспеншілік-адамзатқа деген сүйіспеншілік» Гиппократ) тақырыбындағы апталық аясында ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру, адам денсаулығы үшін күресетін дәрігер бейнесін ұлықтау мақсатында қашықтықтан кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында «Дәрігерге мың алғыс!» атты өз өлеңін оқудан мүшәйра болды. Байқауға ұсынылған шығармаларға Қорқыт ата атындағы университеттің аға оқытушысы, ф.ғ.к А.Е.Айтбаева, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Қызылорда филиалының маманы Р. Мәрсәлі сараптау жұмыстарын онлайн жүргізді.
Қорытындысында:
- І орын –Абылай хан атындағы жоғары колледжінің студенті Мәдібекова Дильназ Асылбекқызы
- ІІ орын - Академик С.А. Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің студенті Санкибаева Жұлдыз Ерғалиқызы
- ІІІ орын – Қызылорда жоғары медицина колледжінің студенті Төреғалиқызы Жанерке иеленді.








