2021 жылдың 1-6 қараша аралығында арнайы пәндер бойынша «AMOR ARTIS MEDICINALS EST AMOR HUMANITATIS» («Медицина өнеріне деген сүйіспеншілік-адамзатқа деген сүйіспеншілік» Гиппократ) тақырыбындағы апталық аясында «Жедел жәрдем күні» қарсаңында ұйымдастырылған іс шаралар легін «Алло? Жедел жәрдем тыңдап тұр!» тақырыбындағы таным сағаты өткізілді. Таным сағатына Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» жедел құтқару жасағының маманы Ж.А. Сатыбалдиева, Төтенше жағдайлар департаментінің жетекші маманы Т.Еркебаев, №4 қалалық емхананың жедел жәрдем бөлімінің маманы А.М.Тұрғанбаевалар қатысып, білім алушыларға жедел жәрдемнің тарихы, атқаратын қызметі, төтенше жағдай кезіндегі алғашқы көмек туралы түсінік берілді. Құтқару құрал-жабдықтарымен таныстырылып, маникендерді пайдаланып тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.








