2021 жылдың 1-6 қараша аралығында арнайы пәндер бойынша «AMOR ARTIS MEDICINALS EST AMOR HUMANITATIS» («Медицина өнеріне деген сүйіспеншілік-адамзатқа деген сүйіспеншілік» Гиппократ) тақырыбындағы апталық аясында 0301000 - «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіруші түлектер арасында «UZDIK JEDEL – JARDEM BRIGADASY» кәсіби байқауы өткізілді. Байқауға 4 топ қатысып,4 бекеттен тапсырмаларды орындады:
- Жарақат (жатақханадағы оқыс жағдай)
- Анафилактикалық шок (тіс клиникасындағы жағдай)
- Жүрек –қан тамырлары синдромы (серуендегі егде адамның жүрек ауруы)
- Акушерия (үй жағдайындағы жүкті әйелдің шақыртуы)
Байқауда ережеге сәйкес жедел жәрдемнің арнайы көлігі, құралдары және манекендерімен жабдықталды. Байқау қызықты әрі тартысты өтті. Білім алушылар өздерін нағыз орта буын медицина маманы ретінде сезініп, алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көрсете білді. Нәтижесінде «AESCULAPIUS» деп аталған ФД-9-18-4 оқу тобы (топ жетекшісі С.М. Оразбекова.) жеңіске жетті.








