Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған апталық аясында колледж оқытушысы Е.Ж.Сарсенбаевтың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік дарабоздары» атты кездесу-сұхбаттасу кеші болып өтті. Кешке Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, облыстық филармонияның әншісі Медеуова Үміт Еменқызы және «Болашақ» университеті экономика ғылымдарының магистрі Әбдікәрім Дінмұхаммед Мәдібекұлы, «Болашақ» университетінің техника ғылымдарының магистрі Жалғас Айсұлу Нұрланқызы қатысқан болатын. Білім алушылар елімізге танымал жетістіктерге жеткен дарабоздармен кездесіп, өз ойларын бөлісіп, пікір алмасты. Сұхбаттасу кеші жоғары деңгейде өтті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биікте, егемендігіміз мәңгілік болсын! Тәуелсіздігіміздің отыз жылдық мерейтойы баршамызға тағы да құтты болсын!








