Бүгін: 16 наурыз 2026 жыл
Басты бет

Енгізілді: 18.03.2025Қаралғаны: 160 рет
«ХАЛЫҚ ПЕН ТІЛ – ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ҚОС ЕМЕН» ТӘРБИЕ САҒАТЫ(«ЖЕТКІНШЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА)

«ХАЛЫҚ ПЕН ТІЛ – ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ҚОС ЕМЕН» ТӘРБИЕ САҒАТЫ(«ЖЕТКІНШЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА)       

Тіл — халықтың рухани байлығы, мәдениетінің айнасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, ұлттың тарихын, дәстүрін, дүниетанымын сақтап, болашағына бағыт береді. Халық пен тіл егіз ұғымдар, себебі әрбір тіл — оның тұрғындарының болмысын айқындайтын ерекше коды. Тілдің қадірін біліп, оны сақтап, дамыту — әрқайсымыздың парызымыз.

Білім алушыларға тіл мен халықтың өзара байланысын түсіндіру, қазақ тілінің ұлттық құндылық ретіндегі рөлін айқындау, мемлекеттік тілге құрмет сезімін тәрбиелеу және ана тілінің мәртебесін түсіндіру, ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдениетті дәріптеуге ынталандыру мақсатында колледж оқытушылары Рамазанов Олжас және Сәрсенбаев Ерлан білім алушыларға «Халық пен тіл – тамыры терең қос емен» тақырыбында топ сағатын өткізді.

Кураторлық сағатта студенттер тілдің маңызы мен оның қоғамдағы рөлін талқылады. Олар тілдің ұлт бірлігі мен мәдениетінің негізі екендігін, сонымен қатар жастардың өз ана тілін меңгеру мен дамытудағы жауапкершілігін атап өтті. Студенттер тіл саясаты мен оның ұлттық тұтастықты сақтаудағы мәнін түсініп, тілдерді қорғау мен көптілділік мәселелерін қозғады. Сағаттың түйіні ретінде әрбір студенттің өз тілін қадірлеу, оны күнделікті өмірде кеңінен қолдану және дамыту қажеттілігі айтылды.