22 НАУРЫЗ - ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ МЕРЕКЕСІ
Мерекеге экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының, Халықаралық инженерлік ғылымдар академиясының академигі, Қызылорда «Болашақ» университетінің Құрылтайшысы Б.С. Досманбетов қатысып, профессор-оқытушылар құрамын, білім алушыларды, барлық қазақстандықтарды ұлтымыздың ұлық мейрамы Наурыз мерекесімен құттықтады.
Наурыз – көктемнің, жаңарудың, татулық пен берекенің мейрамы. Сондықтан әрбір адамның көкейінде жылдың басы жаңалық пен жақсылықтың жаршысы болып, елімізді жаңа белестерге бастай берсін деген тілек тұрғаны анық.
Шара өнерлі жастардың ән-күйіне, мың бұралған биіне және дәстүрлі ойын түрлеріне ұласты.








