Орта буын медицина мамандарына кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша 09130100- "Мейіргер ісі" мамандығында білім алып жатқан 3-4 курс білім алушылар арасында Қызылорда облысы білім басқармасымен «Болашақ» жоғары медициналық колледжі бірлесіп, кәсіби байқау өткізді.
Мақсаты:
- "Мейіргер ісі" мамандығының бітіруші топтары білім алушылардың теориялық дайындығы мен практикалық дағдыларын көрсету;
- білім алушылардың интеллектуалдық әлеуетін ашуға және білім алушылардың тұлғалық дамуына мотивацияны қалыптастыру;
- білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
- білім алушылардың салауатты бәсекеге қабілетті кәсіби қызметке қызығушылығын дамыту;
- өзін-өзі жүзеге асыру үшін кәсіби әлеуетті, өз бетінше білім алу қабілетін және кәсіби борышын орындауға дайындығын дамыту;
- мамандықтың беделін және мейіргер рөлінің маңыздылығын арттыру.
Кәсіби байқау мына бағыттар бойынша жүргізілді:
Бірінші кезең: «Болашақтың мейіргері» -Жасанды интеллект пайдалана отырып болашақ мейіргердің бейнесін көрсету (бейнебаян, тұсаукесер, макет түрлерінің бірін дайындау; (қалау бойынша)
Екінші кезең: «Блиц сұрақтар»- «Мейіргер ісі» мамандығының оқу жоспарына сәйкес өткізілетін пәндер бойынша сұрақтарға уақытпен жауап беру;
ІІІ кезең: «Байлап таңу түрлері» - Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсету, кездейсоқ жарақаттар алған пациентке байлап таңуды тәжірибе жүзінде көрсету;
ІV кезең: «Егу манипульяция түрлері» - билет таңдау арқылы тапсырмаға сәйкес егу алгорітмын тәжірибе жүзінде көрсету;
V кезең: Жағдаятты тапсырмаларға мейіргерлік үрдіс кезеңдерін жүзеге асыру арқылы қажетті жазбалар жазу арқылы орындау.
Кәсіби байқаудың қорытындысы:
І Дәрежелі диплом -Талғатқызы С. - «Болашақ» жоғары медициналық колледжі, жетекшісі: Казакова Р.
ІІ Дәрежелі диплом - Алдебаева А.Н.- «Қызылорда медициналық жоғары колледжі», жетекшісі: Зейнебай Г.Е.
ІІІ Дәрежелі диплом - Кеңес З. – «Қызылорда медициналық жоғары колледжі», жетекшілері: Жумагулова С.Б. Махмұт Қ.Ж.
ІІІ Дәрежелі диплом- Шәймерденова І.– «Қызылорда медициналық жоғары колледжі», жетекшілері: Базарғалиқызы А.








