Бүгін: 13 қараша 2025 жыл
Басты бет

Енгізілді: 16.05.2018Қаралғаны: 290 рет
Қызылорда қаласы "Болашақ" медициналық колледжінің белсенді студенттерімен, Қызылорда облысының Жастар Одақтары Қоғамдық Бірлестігі және облыстық "Жасыл ел" еңбек жасағының ұйымдастыруымен "Жасыл ел" еңбек жасағының жазғы еңбек маусымының басталуына орай ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізілді

Қызылорда қаласы "Болашақ" медициналық колледжінің белсенді студенттерімен, Қызылорда облысының Жастар Одақтары Қоғамдық Бірлестігі және облыстық "Жасыл ел" еңбек жасағының ұйымдастыруымен "Жасыл ел" еңбек жасағының жазғы еңбек маусымының басталуына орай ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізілді. Кездесу барысында Облыстық "Жасыл ел" еңбек жасағының жетекшісі Әбіл Серік Ертарғынұлы және жоба үйлестірушісі Ишанқұл Мүсілім Исламұлы студент жастарды жазғы еңбек маусымында жұмыс жасап, жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану үшін студент жастарды еңбек жасағының қатарына қосылып, еңбек етуге шақырды. Кездесу барысында белсенді студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, еркін пікір алмасты