Бүгін: 13 қараша 2025 жыл
Басты бет

Енгізілді: 18.05.2018Қаралғаны: 601 рет
2018 жылдың 23-ші сәуір күні «Болашақ» медициналық колледжінің «Арнайы пәндер» цикл комиссиясының «Ұрпақтың денсаулығы-ұлт болашағы» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанаты өтті.

2018 жылдың 23-ші сәуір күні «Болашақ» медициналық колледжінің «Арнайы пәндер» цикл комиссиясының «Ұрпақтың денсаулығы-ұлт болашағы» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанаты өтті. Апталықтың мақсаты, болашақ медицина мамандарын дайындауда білім, дағды, шығармашылық, белсенділік пен еркіндік қағидаларын қалыптастыру, мамандықтардың барлық деңгейлері бойынша оқып, көріп білуге дағдыландыру, жас мамандарға кәсіптік шеберлігін окытуда,  ақпараттық технологияны қолданудағы ізденімдерін, әдіс-тәсілдерін көрсету.

         Ашылу салтанатын колледж директоры Шара Абдулатифқызы Досжанова ашып,  әріптестеріне сәттілік тіледі. «Арнай пәндер» бөлімшесінің меңгерушісі Ақниет Нұрмаханқызы  Шайхсламова апталықтың жоспарымен таныстырып шықты. Колледждің түлегі Болат Әділхан «Болашақ дәрігерге» атты М.Мақатаевтың өлеңін оқып, өнерлі оқушылары би билеп, ән айтты. Жүргізушілер «Психология» пәнінің оқытушылары Қарамырза Гүлдана мен Календеров Молдияр студенттер мен оқытушыларды апталыққа белсене қатысуға шақырды.

          Апталықтың ашылу салтанатының жалғасы колледж кітапханасында болды. Кітапхана меңгерушісі Абилдаева Райхан «Кітап – сарқылмас рухани қазына» кітап көрмесімен таныстырып, студенттер арасында тренинг өткізді. Цикл оқытушылары кітапхана қорына өздерінің жеке кітап қорларынан кітап сыйлау акциясын ұйымдастырды.