«Оқу - білім азығы,білім – ырыс қазығы» деп, бүгінгі күні заманымыздың талабынан табылып, жастарымызға тәлім-тәрбие мен білім құндылықтарын игертуде өзіндік мол тәжірибесі бар, озық дәстүрлерді жаңғыртып жалғастыратын, еліміздің қарқындап өркендеуі үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан келешегі кемел, еңсесі биік білім ордасы - «Болашақ» медициналық колледжінде, 1 қыркүйек - Білім күніне арналған" салтанатты жиын өтілді.Колледж директоры Ш.А. Досжанова өз кезегінде оқушыларға жаңа оқу жылында табыс, сәттілік тілеп, құттықтады.Шәкірттер тарапынан колледждің 2 курс студенті Темирбекова Салтанат колледж студенті атауымен шын жүректен құттықтай отырып, өз лебізін білдірді.








