2018 жылдың 19-шы қараша күні колледждің акт залында «Болашақ» медициналық колледжінің «Жалпы кәсіптік пәндер» цикл комиссиясына қарасты валеология пәнінің оқытушысы Л.Мукибаеваның ұйымдастыруымен «Біз салауатты өмірді жақтаймыз» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Апталықтың ашылу салтанатында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары О. Рамазанов сөз сойлеп студенттерге апталыққа белсене араласуына шақырды. Апталықтың жоспарымен колледждің «Ботаника» пәнінің оқытушысы Г. Досжанова таныстырып өтті. Колледждің кітапханасында «Тіршіліктің негізі –салауатты болашақ» тақырыбындағы кітап көрмесі апта бойы жүргізіледі.«Нашақорлық –ғасыр дерті» сахналандырылған көрініс колледждің кітапханасында, кітапханашы Б. Жұбандықованың ұйымдастыруымен ФД-9-18-3 оқу тобының студенттерінің қатысуымен өтті. «Ішімдіктің адам ағзасына әсері» тақырыбындағы семинар- тренинг өткізілді. Семинар - тренингке Облыстық наркологиялық диспансер маманы Абдеш Асел Асылбекқызы қатысты. Студенттерге адам ағзасына зиянды әрекеттерді айтып түсіндіріп, бейне көріністерін көрсетті. 20-қараша күні апталық төменде көрсетілген іс-шаралармен жалғасын тапты. «АИТВ ғасыр індеті» тақырыбында көркем сурет сайысы өткізілді. Облыстық АИТФке қарсы күрес орталығының маманы шақырылды. «Репродуктивті денсаулықты қорғау» акциясы Ана мен бала орталығы және Жастар денсаулығы орталығының мамандарымен колледждің акт залында өтті. 21-қараша күні апталық аясында төменде көрсетілгендей іс-шаралар өткізілді. «Қозғалыс- өмір негізі» тақырыбында «Валеология» пәнінің оқытушысы Л.Мукибаева студенттерді «Жастар денсаулық орталығы» мекемесіне апарып, орталық валеолог маманы Г.Масқожа студенттерге дене қозғалысы тренингін өткізді. Колледждің 2-қабатының фойесында «Салауатты өмір сүру» акциясы барысында колледж лаборанты Ә. Болат бейне көріністер көрсетті. 22-шы қараша күні «Валеология» пәнінің оқытушысы Л.Мукибаева «Ұлттық ойын ұлт игілігі» тақырыбында тоғызқұмалақтан өткізілді. Сайысқа қала колледждерінен студенттер келіп қатысып. жеңімпаздарға сыйлықтар берілді. Колледждің 2 қабаттың фойесында «Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі» акциясы өткізілді. Акцияға «Жастар денсаулық орталық» маманы М.Б.Яхиява студенттерге пайдалы және зиянды тағамдар туралы түсіндіріп айтып өтті








