2019 жылдың 8 ақпаны күні колледж кітапханасында Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Іс-шараны колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Рамазанов О.Е алғысөзімен ашты. Кездесуге Қызылорда облысы Ауған соғысы ардагерлер қоғамының төрағасы Баймаханов К. және колледжіміздің дәрігер оқытушысы, ауған соғысының ардагері Тәжімбетов Ж. қатысты. Студент жастар ауған соғысынығ ардагерлеріне көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ашық микрофон жұмыс жасады. Іс-шара келешегіміздің жарқын жасаушылары, жалындаған жас ұрпақтардың арнауымен жалғасты.








