Бүгін 2020 жылдың 17 ақпан күні «Болашақ» жоғары медициналық колледжінде«Медбикелік іс» мамандығы бойынша колледжішілік World skills Kazakhstan зияткерлік сайысы болып өтті. Мақсаты еліміздегі медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, болашаққа деген көзқарасын арттыруға бағытталған. Сайысты ұйымдастырушылар колледж оқытушылары: Ш.Н.Қалымбетова.,Ә.Ғ.Сұңқарбаева., А.Нарымбетова., А.С.Серикова., С.М.Оразбекова.
Сайыста студенттер 6 станция бойынша өткір сыннан өтіп, өз білімдерін көрсете білді.
- Студенттер стационардағы көк тамырға егу станциясы.
- Қарт кісілерге үй жағдайындағы көмек көрсету станциясы.
- Қант диабеті науқасына инсулин егу станциясы.
- Қан кетудегі алғашқы көмек көрсету станциясы.
- 1-жастағы балаға жүрек – өкпе реанимациясын жүргізу станциясы (орыс тілінде).
- Бронхиялды астмада алғашы көмек көрсету станциясы (ағылшын тілінде).
Сайыста төрелік еткен әділ қазылар № 1 емхананың аға мейірбикесі Избембетова Ақмарал Мажиновна, Қызылорда облыстық балалар ауруханасының аға мейірбикесі Қосбармақова Айна Жақсыбайқызы, облыстық «Ана мен бала» периниталдық орталықтың маманы Әжімұрат Айнұр Қазиқызы төрелік етті.
Сайысқа «Медбикелік іс»мамандығы бойынша бітіруші топтар арасынанан 6 үміткер қатысты. Қатысқан студенттер алғыс хатпен марапатталды. МБ-9-16 тобының 4 курс студенті Төлебай Сымбат жеңіске жетіп, облыстық сайысқа жолдама алды.«Болашақ» жоғары медициналық колледжінің ұстаздар қауым мен студенттері Төлебай Сымбатқа алдағы болатын үлкен сыннан өтіуіне сәттілік тіледі.








