Бүгін: 13 қараша 2025 жыл
Басты бет

Енгізілді: 17.03.2020Қаралғаны: 486 рет
2020 жылдың 20 ақпан күні «ӘЛЕМНІҢ ЕКІНШІ ҰСТАЗЫ» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Даналықтың дара тұлғасы» атты Қызылорда қалалық техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары студенттерінің арасында зияткерлік сайысы болып өтті.

2020 жылдың 20 ақпан күні «ӘЛЕМНІҢ ЕКІНШІ ҰСТАЗЫ» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Даналықтың дара тұлғасы» атты Қызылорда қалалық техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары  студенттерінің арасында зияткерлік сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты: білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр әл-Фарабидің  рухани мұрасын сақтауға, зерделеуге және насихаттауға баулу, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу; студенттердің жеке тұлғалық, шығармашылық және ізденіс қабілеттерін дамыту.                                                Сайысты «Болашақ» жоғары медициналық колледжінің директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Смаилова Аида Есенгелдіқызы ашып берді.

Зияткерлік сайыс 5 кезеңнен тұрды.

1.«Таныстыру»  (қатысушылардың өздерінің таныстырулары)

2.  «Блиц сұрақтар» (Әр сайыскер бір минуттің көлемінде ауызша сұрақтарға  жауап береді.  Әр дұрыс жауап -1 ұпай)

3. «Мен таныған Әл Фараби» (Сайыскерлер берілген кілт сөздің мағынасын ашуға тиіс. . Мағынасы толық ашылған әрбір кілт сөзге 10 ұпайдан беріледі.)

4. Құпия ұяшық (Берілген сұраққа жауап)

5. Супер ойын (бұл кезеңде жоғары ұпай жинаған төрт қатысушы өтеді).

Сайыскерлерімізге әділ қазылық етуші алқа:

1.Ә.Тәжібаева атындағы облыстық әмбебап кітапханасының бөлім меңгерушісі  Айгүл Өмірзаққызы

2.«Болашақ» университетінің филология кафедрасының оқытушысы ф.ғ.д., Медетбаев Тасболат

3. «Болашақ» жоғары медициналық колледжінің оқытушысы Боранкулова Гулдариға.

«Даналықтың дара тұлғасы»атты  зияткерлік сайысқа Қызылорда қалалық техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарынан Убаева Ақмарал (Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі)., Төлеген Нұрайлы («Болашақ» жоғары колледжі).,Өтеген Назылы («Болашақ» жоғары колледжі)., Таңсықбай Дарын (Мемлекеттік жоғары медициналық колледжі)., Байырқасым Бекзат («Өркениет» жоғары колледжі)., Өмірзақов Асхат (Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі) 6 студент қатыстып, өз білімдерін сынға салды.

         Нәтижесінде Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжінің студенті Өмірзақов Асхат жеңіске жетті.  Сайыс соңында .«Болашақ» университетінің аға оқытушысы ф.ғ.к. Медетбаев Тасболат қорытындылап, өз тілегін білдірді. Сайысқа қатысқан студенттерге алғыс хатпен, сыйлықтар табысталды.