Бүгін: 13 қараша 2025 жыл
Басты бет

Енгізілді: 17.03.2020Қаралғаны: 414 рет
2020 жылдың ақпан айында «әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр Әл- Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған апталықты қорытындылау мақсатында «Ғасырлар даналығы » атты әдеби- танымдық кеш болып өтті.

       2020 жылдың ақпан айында «әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр Әл- Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған апталықты қорытындылау мақсатында «Ғасырлар даналығы » атты әдеби- танымдық

кеш болып өтті. Кештің мақсаты студенттерге Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл — Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан — жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу,
шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән — мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу, оқушылардың бойынан туған жерге, еліне деген сүйіспеншілікті оятып, достық пен сыйласымдылық сезімдерін қадірлей білуге баулу.

Кешті колледж директоры А.Б. Кутлымуратов ашты.  Апта бойына іс-шараға қатысқан оқытушылар мен белсенді студенттерді  алғыс хатпен марапаттады.