«Болашақ» университеті және «Болашақ» жоғары медицина колледжі, жоғары колледжі ұйымдастыруымен «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» атты Ұстаздар күнінен арналған салтанатты жиын өтті. Аталмыш шараны ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы құттықтау лебізімен ашып беріп, жыл бойы толағай еңбек еткен оқытушыларды Қызылорда облысы әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Салтанатты жиынды «Болашақ» университетінің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты Дәуренбеков Қуаныш Қойшығұлұлы жалғастырып, аға буын, орта буын ұстаздардың қажырлы қайраты мен маңдай терімен келген жетістіктерін атап өтіп, марапаттар ұсынса, жас ұстаздарға ынталандыру мақсатында алғыс хаттар ұсынды.
Салтанатты жиын «Кербез» би ансамблі бишілерінің мың бұралған биімен және әуезді әншілердің әсем әндерімен жалғасын тапты.








