2020 жылдың қазан айының 1-і күні «Болашақ» жоғары медицина колледжінде АК-11-18 оқу тобында Әжімұрат Айнұр Қазиқызының жетекшілігімен «Жүкті әйелді зерттеу» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы машықтандыру жұмыстары көрсетілді.
Сабақтың мақсаты: жүктілікке және бала тууға психологиялық дайындық және қолдау, бала туудың әлеуметтік және психологиялық компоненттерін жақсарту және түсіну, жүктілік барысын бақылау тәсілдері бойынша тәжірибе жұмыстарын жүргізу
2-курс фельдшер, медбике ісі мамандықтарының студенттері ZOOM платформасы арқылы қатысып, толықтай мағлұмат алды.








