Бүгін: 13 қараша 2025 жыл
Басты бет

Енгізілді: 12.10.2020Қаралғаны: 144 рет
«Болашақ» жоғары медицина колледжінде 06.10.2020 күні онлайн түрде, ZOOM платформасы арқылы «Жалпы гигиена» пәні бойынша «Тамақтану гигиенасы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

      «Болашақ» жоғары медицина колледжінде 06.10.2020 күні  онлайн түрде, ZOOM платформасы арқылы «Жалпы гигиена» пәні бойынша  «Тамақтану гигиенасы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Ұйдастырушы оқытушылар: Қаражігіт Ләззат Абзалбекқызы, Сағындықова Фариза Көпжанқызы, Мукебаева Лаура Азаматқызы.

Қатысушылар: 1-2 курс студенттері ФД-11-20-3, МБ-9-19 оқу топтары.

Семинар барысында дұрыс тамақтанудың адам өміріндегі маңызы, денсаулыққа әсері, оның психологиялық жағдайы, мінез- құлқына әсер ететін пайдалы жақтары айтылып түсіндірілді.

Жастар денсаулық орталығының бас маманы Мәзхожа Гүлназ Жорабекқызы  қатысушы студенттерге кеңес бере отырып, өз ойымен бөлісті. Сөз соңында колледж ұстаздары салауатты өмір салтының негізгі қағидаларын ескере отырып, фаст-фуд өнімдерінің адам денсаулығына әкелетін орасан зор зиянын айтып, оларды қолданудан аулақ болуға шақырды.