«Болашақ» жоғары медицина колледжінде 10 қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулықты нығайту күні ретінде тағайындалуына орай Облыстық оқу орталығының ұсынысымен қазан айының 8 жұлдызында колледж білім алушыларының психикалық денсаулығын нығайту мақсатында «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» тақырыбында колледж педагог-психологы Көпжасар Арайлым Оңталапқызының бастамасымен ZOOM электронды платформасында вебинар-сабақ өткізілді.
Вебинар барысында білім алушылар өздеріне психикалық денсаулығы жайлы қажетті мәліметтер алды. Білім алушылар өздерінің жеке өмірлерінде қандайда бір мәселелер туындаған жағдайда дұрыс шешім қабылдау жолдарын меңгерді. Психикалық денсаулықты нығайтуға арналған бес әдіспен танысты.
Қорытындылау барысында колледж педагог-психологы Арайлым Оңталапқызы колледж білім алушыларының жеке өмірінде туындаған мәселелерді бірге шешу жолдарын айқындау мақсатында жеке кеңес алу үшін Whatsapp мессенджері арқылы көмек алуға болатындығын хабарлады.








