10.10.2020 күні «Болашақ» жоғары медицина колледжінде Ұлы ақын А.Құнанбаевтың туғанына 175 жылдық мерей тойына арналған М.Әуезовтің «Абай жолы роман-эпопеясындағы дәстүр жалғастығы» тақырыбында ZOOM патформасы арқылы онлайн сайыс болып өтті. Сайыстың мақсаты: Ұлы кемеңгер ақын А.Құнанбаевтың шығармаларын кеңінен таныту. Абай өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершіліке тәрбиелеу, мәдениетін, әдебиетін сүюге, салт – дәстүрін дәріптеуге баулу.
Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Боранқұлова Гүлдариға Айтбайқызы, Узакова Баян Болатовна.
Сайысқа қатысушылар алдын – ала берілген үй тапсырмасы бойынша видеороликтер дайындап, қорғап шықты. Екінші кезең бойынша өз білімдерін ортаға салып, сынға түсті.
Сайысқа Қорқыт Ата атындағы университеттің аға оқытушысы, ф.ғ.к, доцент Айтбаева Айман Ералықызы қатысып, өз пікірін білдірді. Сондай – ақ, Қызылорда облыстық филармониясының әншісі Нағашыбай Гүлназ Нағашыбайқызы Латиф Хамидидің «Абай» операсынан үзінді орындады.
Сайыс соңында колледж оқытушысы Боранқұлова Г.А. қорытындылап, сайыс жеңімпаздарын құттықтады. Нәтижесінде І орынды ФД-9-20-4 оқу тобының білім алушысы Қуанышова Ақнұр, ІІ орынды ФД-9-20-5 оқу тобының білім алушысы Әзімхан Шынайым, ІІІ орынды МБ-9-20 оқу тобының білім алушысы Мырзағали Мереке иеленді. ФД -9-20-1 оқу тобының білім алушысы Жанғабылова Ақерке, ФД- 9-20-3 оқу тобының білім алушысы Салматова Алина Алғыс хаттармен марапатталды.








