10.10.2020 жылы «Болашақ» жоғары медицина колледжінде қазақстан тарихы пәні негізінде тарих пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы» тақырыбында онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы вебинар-сабақ болып өтті.
Сабақтың басты мақсаты- ұрпақтан ұрпаққа өтіп келе жатқан тарих перзенттерінің бірі және бірегейі Әбу Насыр әл – Фарабидің өмірі мен әлеуметтік – этикалық, саяси, философиялық діни көзқарастары, мемлекеттік басқару, ізгілікті қоғам жөніндегі гуманистік идеялары, ғылымның әр түрлі салаларын қамтитын трактаттарының рухани құндылығы мен маңызын түсіндіру.
Ұйымдастырушылар- жалпы білім беру пәнінің оқытушылары Сәрсенбаев Ерлан Жұмажанұлы, Нұрғалиева Бибігүл Кәрімқызы, Байдильдаева Динара Рысдәулетқызы және Басқынбаев Қолқанат.
Сабақ барысында әл-Фараби бабамыз туралы кеңінен мағлұмат берді. Вебинар – сабаққа ФД-11-20-1, МБ-11-20-1, ФД-9-17-4 және ФД-9-19-2 оқу топтары қатысып, тақырыпқа сай сұрақтар қойып, керек мағлұмат жинақтады.
Сабақ соңын тарих пәні оқытушысы Ерлан Жұмажанұлы ғалымның «Ақыл-парасат күші- адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» нақыл сөзімен қорытындылады.








