Бүгін: 13 қараша 2025 жыл
Басты бет

Енгізілді: 22.10.2020Қаралғаны: 296 рет
Игерілген білімді кеңейту, ғылыми топшылауларын тексеру, зерттеулердің адам өміріндегі нәтижелерін көрсету мақсатында, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Химия пәнін оқытуда теориялық білімді тәжірибелік жұмыстармен ұштастыру мақсатында зертханалық жұмыстың маңызы зор.

2020 жылдың 14 қазаны күні колледж оқытушысы Орынбасар Иман-Жузік Орынбасарқызы  «Химия» пәні бойынша  «Антисептик дайындау» және «Тұзды және құмды ерігіштігін пайдалану арқылы бөлу» тақырыбында        ФД-9-20-4 оқу тобына зертхана жұмысын жүргізді. Тәжірибе барысы ZOOM бағдарламасы арқылы студенттерге көрсетілді.

Тәжірибе барысында білім алушылар антисептикті кез келген инфекция мен вирустан қорғайтын құрал ретінде пайдалануға түсінік берілді. Дәл қазіргі сәтте әлемді алаңдатып отырған вирустан сақтану шарасы ретінде қолданылатындығы туралы мәлімет берілді. Оны кез келген адам үй жағдайында жасап алу мақсатында зертхана жұмысы жасалды. «Болашақ» медициналық колледжінің заманауи технологиялармен жабдықталған зертханасында жұмыс нәтижелі жүргізілді.