«WorldSkills Kazakhstan - 2020» чемпионаты
WorldSkills чемпионаты бүгінде техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелер арасында жыл сайын өткізілетін, жұмысшы мамандықтарының әуелетін арттыруға зор ықпал ететін бірден-бір сайыстардың бірі.
WorldSkills чемпионатының мақсаты - бүкіл әлемдегі кәсіби дайындық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын көтеру, бүкіл әлем бойынша халықаралық конкурстар арқылы жұмысшы кәсіптерін танымал ету.
Қызылорда мемлекеттік жоғары медициналық колледжінінің базасында облысымыздағы орты буын медицина мамандарын даярлайтын білім беру ұйымдарының арасында «WorldSkills Kazakhstan - 2020» кәсіби байқауы өткізілді.
«WorldSkills Kazakhstan - 2020» VI аймақтық кәсіби шеберлік Чемпионатына «Болашақ» жоғары медицина колледжі «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы Нарымбетова Алтынай Мұратқызының жетекшілігімен МБ-9-18-1 оқу тобының білім алушысы Мұқанова Анеля қатысып, бағын сынады.
VI аймақтық кәсіби шеберлік Чемпионат барысында қатысушылар теориялық білімді практикамен ұштастыру мақсатында 5 модульге негізделген сынақтан өтті.
«Мейірбикенің сөйлеу мәнері, бет әлпеті, өзін таза ұстауы, науқастармен жылы қарым –қатынаста болуы мұның бәрі науқастарға жағымды» деп медицина атасы Гиппократ айтып кеткендей,медицина маманы білімін, біліктілігін көрсетіп қана қоймай, науқаспен байланыс жасауда психологиялық - коммуникативті дағдыны қалыптастыра отырып, адамдарға көмектесе алатындығын сезінусайыстың басты талабы болды.Сайыс қорытындысы бойынша қатысушы Мұқанова Анеля Дипломмен,жетекшісі Нарымбетова Алтынай Облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.








