Бүгін: 13 қараша 2025 жыл
Басты бет

Енгізілді: 01.11.2020Қаралғаны: 409 рет
Қазан айының 26 күні «Болашақ» жоғары медицина колледж оқытушылары Қобыланқызы Әсел және Абишева Раушан Едігеқызының ұйымдастыруымен І, ІІ курс білім алушы қыздар арасында «Қыз еркем, қылығымен көркем» атты дәрістер желісі өткізілді.

Қазан айының 26 күні  «Болашақ» жоғары медицина колледж оқытушылары Қобыланқызы Әсел және Абишева Раушан Едігеқызының ұйымдастыруымен І, ІІ курс білім алушы қыздар арасында «Қыз еркем, қылығымен көркем»  атты дәрістер желісі өткізілді. Дәрістің  мақсаты- халықтың тәлім-тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету, адамгершілікке үндеу. Аталған іс-шарада Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, ф.ғ.к, доцент Айтбаева Айман Ералықызы «Қазақ мақал-мәтелдеріндегі қыз тәрбиесі» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ, Облыстық Жастар Денсаулығы орталығының акушер-гинеколог дәрігері Ибраева Гульжан Жолакаевна қатысып, «Жасөспірім қыздардың денсаулығы және жеке гигиенасы. Жасөспірім қыз балалар неге ерте тұрмыс құрады?» секілді сұрақтарға жауап берді. Дәріс  барысында Қыз бойынан нені көргіміз келеді, қыз қандай болу керекдеген өзекті мәселелер қозғалды, жасөспірім қыз балаларға есімдері тарих толқындарында сайрап жатқан Тұмар ханым, Зарина, кешегі ғұлама Абайдың әжесі Зеренің тәлім-тәрбие  тағылымдары сөзге дәйек болды. Қорытындылау барысында колледж оқытушысы Раушан Едігеқызы қыз балалардың қазіргі болмысы мен тәрбие мәселелерін  қозғап, әрбір білім алушы өздеріне қажетті мағлұматтармен таныс болды.