2020 жылдың қазан айының 23-і күні «Болашақ» жоғары медициналық колледжінде химия пәні оқытушылары Мамадосов Д., Орынбасарқызы И., Шайхсламова А., Жұмабаева А. «Альдегидтер тобындағы дәрілік заттар» тақырыбында 1-курс студенттеріне ZOOM платформасы арқылы практикалық жұмыстарын көрсетті. Тәжірибе жасауға «жоңғарлық» тышқан және балық алынды.
Сабақтың мақсаты: студенттердің химиядан алған білімдеріне сәйкес шығармашылық қабілеттерін, пәнге қызығушылығын арттырып, мамандықтарына сәйкес химияның медицинадағы маңызын ұғындыру.
Практикалық жұмыс нәтижесінде 1-курс «фельдшер», «жалпы практикадағы медбике ісі» мамандықтарының студенттері ZOOM платформасы арқылы қатысып толықтай мағлұмат алды.








